Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы
Баланың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін және мектепке бейімделуін диагностикалау
Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері.
Танымдық сабақта ата-аналар баланың бейімделуіне назар аударып, қандай қолдау көрсете алатындығы жайлы ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Бала тәрбиесіндегі атқарылатын жұмыстың барлығында алдымен отбасының, одан кейін мектептің алар орны бөлек екендігіне тоқталып, пікірлерін білдірді.
Мектеп психологы Ж.С.Сейдехали ата-аналармен психологиялық тренинг өткізді. Додекаэдр арқылы ата-аналарға сұрақ жауап жүргізілді. Ынталандыруды айқындау әдістемесі бойынша ата-аналардан сауалнама алынды. Жиналыс соңында кері байланыс жасалды.