Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде отбасы күніне орай "Отбасы-бақыт мекені" апталығының жоспарына сәйкес "Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі" атты ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру;
Дөңгелек үстел басында мектеп психологы Ж.С.Сейдехали ата-аналармен психологиялық тренинг өткізді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Шалкинбекова "Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі" туралы баяндама оқыды. Ата-аналар тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстел соңында түрлі жағдаяттық сұрақтар беріліп, ата-аналар белсенді жауап берді.