Шоқпар ауылдық мәдениет үйі АКТ залында Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінің оқушыларының қатысуымен кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне 35 жыл толуына орай “Мұндай соғыс болмаған” атты еске алу кеші өтті.
Мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін еске алу, олардың жат елде Отан алдындағы борышын өтеу кезіндегі ерлік жолдарын дәріптеу.
Еске алу кеші Ауған соғысында ерлікпен қаза болған интернационалды- жауынгерлердің рухына тағзым ету үшін бір минуттық еске алу тұрғысында басталды.
Кешке Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер Сыздықов Батырханның ағасы Дүйсехан Кеңесбекұлы қатысты. Оқушылар қонаққа сұрақтар қойды.