Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі- адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. « Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту үлкен сауапты іс.
______________________________________________
Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде "ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын" акциясының мектепішілік жоспарына сәйкес «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық акциясы өткізілді.
МАҚСАТЫ: Адамдар арасындағы қайырымдылық, мейірімділік, достық сияқты құндылықтарды нығайту, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деп сенеміз. Өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын деп тілейміз.