Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Ораз Жандосов атындағы шағын-орталықты орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    «Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі»

    «Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі» тақырыбында «Ерте жүктіліктің қауіпі қандай»,«ерте жүктіліктің зардаптары мен жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

    🏫Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебі бойынша 11 қазан-халықаралық қыздар күніне орай мектеп психологы Ж.С.Сейдехали және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Шалкинбекова «Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі» тақырыбында «Ерте жүктіліктің қауіпі қандай»,«ерте жүктіліктің зардаптары мен жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Х. Шалкинбекова қыздарды құттықтап, қыздардың тәртібін басты назарға алып, қыздардың жалпы тәрбиесіне тоқталды.
    Мектеп психологы Ж.С.Сейдехали «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
    ✅Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
    🔷Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам»-деп сөз бастаған мектеп психологы жоғарыда көрсетілген мақсатқа сай 7-9 сынып қыздары арасында дөңгелек үстелде қыздарға бейнероликтер мен слайд көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қыздардың ой- пікірлері тыңдалып, «Еркін микрофон» айдары бойынша жұмыс жүргізілді.
     
     
     
     
     
     
     
    17.04.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки