Әнұран – мемлекеттің ең маңызды рәміздерінің бірі. Әнұранның Ұлттық ерекше аспектісі бар. Әнұран арқылы қазақ даласы әрбір қазақстандықтың өсуі мен қалыптасуының қасиетті бесігі ретінде жырланады.
Әнұранды орындау – ең алдымен, қазақстандық патриотизмді, азаматтықты қалыптастырады және әрқайсымыздың жеке басымызды дамыту мен қалыптастырудың басым бағыттарының бірі. Шынында да, мемлекеттік рәміздің әр элементінде терең мағына бар. Барлық білім беру ұйымдарында білім алушылар сөздерді жақсы білуі және Әнұранды айта білуі қажет.
Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 23 қазан РЕСПУБЛИКА КҮНІ мерекесіне орай "Тоғыз айға 9 іс-шара" жобасы аясында "Әнұран айту" челленджі өткізілді.
Мақсаты: сәйкес мемлекетімізге деген құрмет пен патриоттық тәрбиені бойына сіңіру.
Міндеттері:
- білім беру ұйымдарының барлық білім алушыларының ел әнұранының мәтінін жатқа айту;
- еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету;
- білім алушылардың бірлігі арқылы өз Отаны үшін қадір-қасиет сезімін қалыптастыру.